24
февраль
2021
«Салауатты өмір салты» бірлестігінің онкүндігі
22.02.2021 жылы Еңбекші орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бірлестігінің он күндігінің ашылуы болды. Ашылу салтанатында бірлестік жетекшісі Мусаев Бауыржан Советович онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Әр мұғалімге өз тапсырмаларын жүктеді.


23.02.2021 жылы 9 – 11 сыныптар арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарысқа он оқушы қатысты. Жарыс 3 кезеңнен тұрды: топтық, жартылай финал, финал. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынды 11 А сынып оқушысы Туракбаев Ерқанат иеленді. Екінші орынға 11 Ә сынып оқушысы Хамза Мәди ие болды. Бірінші орынға 11 А сынып оқушысы Каһарманов Серік жеңіп алды. Жүлдегелер мақтау қағаздарымен марапатталды.


