«Еңбекші ауылындағы орта мектеп» КММ Аудандық 5-6 сынып қыздар арасында Гандболдан 1 орын алып облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Қайырғали Е, Тұрақбаев Қ.
«Еңбекші ауылындағы орта мектеп» КММ Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Хамраханұлы Нұрдаулеттің «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында ауған соғысы ардагерлеріне арналған үлгілі сабағы.
“Еңбекші ауылындағы орта мектеп”КММ 3 “Б”сынып оқушы Абдимуратов Алинур Астана қаласында өткен “ Astana KWF OPEN” республикалық турнирінен II орын иеленді.
«Еңбекші ауылындағы орта мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жабылуына әрі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған “Мұқағали оқулары” байқауынан көрініс. Ұйымдастырушылар “Тіл маржаны” әдістемелік бірлестігі
“Еңбекші ауылындағы орта мектеп” КММ “Ұмтыл” тобының жұмыс жоспарына сәйкес Куттиходжаева А.С. 7-8 сыныптар арасында “120 лет со дня рождения казахского археолога А.Маргулана” тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді.
“Еңбекші ауылындағы орта мектеп” КММ Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектебімізде “Әр өлеңі - бір әлем” атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеште “Театр сабақтары” жобасы бойынша “Мұқағали Мақатаевтың өмірі, “Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан үзінді көрініс қойылды.
Ұлттық құндылықтарымызды оқушылар бойына қалыптастыру мақсатында әр ЖҰМА «Ұлттық киімдер» күні екенін хабарлаймыз! Қазақы нақыштағы киімдер мен әшекей бұйымдар тағып келулеріңізді сұраймыз!