2022-2022 оқу жылының аяқталуына арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау"
2022-2022 оқу жылының аяқталуына арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты жиыны өтті. Жиынға 1,8,9,10,11 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Биылғы мектеп бітіруші 22 түлектің барлығы соңғы қоңырауға қатысты. Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушылары Абдыбаева Қамар мен Жунуспаева Айданаға, 1 сынып оқушылары Абдыбек Мақсат пен Хамит Арунаға табысталды. Жас түлектердің өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілейміз!