Тарихымыз - Еңбекші ауылындағы ОМ https://enbekshi-karasai.mektebi.kz/ ru Тарихымыз - Еңбекші ауылындағы ОМ DataLife Engine Еңбекші орта мектебінің тарихы https://enbekshi-karasai.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/54-ebeksh-orta-mektebn-tarihy.html https://enbekshi-karasai.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/54-ebeksh-orta-mektebn-tarihy.html
 30 жылдарда ұжымшарда бастауыш мектеп ашылды. Ол мектеп екі бөлмелі үйде орналастырылды. Бір бөлмесінде 1,3 сыныптар, ал екінші бөлмесінде-2,4 сыныптар оқыды. Жоғарғы сынып оқушылары Шамалған ауылындағы Фурманов атындағы мектепке жаяу барып оқыды. Бұл мектепте кітапхана да, спортзалы да болған жоқ, тек жіңішке коридордың түбінде су құйылған бак пен су ішетін ыдыс қана тұрды.
Қазіргі кезде ауыл тұрғындарының есінде Зайцева(Гагушкина) Евдокия Анатольевна. Ол адамның бұрынғы оқушылары мектепте ұстаз болып еңбек етті - Каменева С.С, Крутова О.И., Лешкова О.П, Пояркова И.А- қазірге дейін Еңбекші мектебінде ұстаз болып жүр, Малыбаева У.К-Қарасай батыр атындағы мектепте ұстаз.
 1965 жылдың 1 қыркүйегінде 8 жылдық мектеп бұрынғы Озерная көшесінде орналасып, 1964 жылдан бері жұмыс істеп тұрған каркас үйден жаңа екі қабатты ғимаратқа ауысты. Қазір ол жерде ФАП жұмыс істеп тұр. 1968 жылы мектеп жаңа қонысын тойлады. Бұл ғимарат қолайлы, екі қабатты әдемі болып салынды. Жаңа мектепті ашуда көп еңбек сіңірген биокомбинаттың сол кездегі директоры – Коваль болды.
 Георгий Логвинович Коваль – Алматы Қызыл Ту орденді биокомбинатының бас директоры болды. Отан соғысында атты әскер қолбасшысы болып, Белоруссияны азат етуге ат салысқан азаматымыздың бірі. Ауыл адамдары Георгий Логвиновичті құрметпен еске алады. «Ол кісінің еңбегі өте зор, оны жай сөзбен айтып жеткізу қиын. Филиалды «Менің балам» деп айтушы еді»-деп біреулер еске алса, енді біреулер жұмысқа деген ынтасына, жауапкершілігінің жоғары болғандығына таң қалып естеріне алады. «Ол кісінің институт бітіріп келген жас мамандарға деген қамқорлығы, жұмысшылардың білімдерін жоғарылатуға басқа елдерге жіберіп отырғандығы, жеке басындағы өтірік айтпау, мейірімділігі, адамгершілігі қазіргі жастарға үлгі боларлық еді»-дейді көз көрген қариялар.
 Мектеп кілті сол кездегі директор Чиндин Кирилл Евдокимовичке табыс етілді. Бұл мектеп ашылған кезде тек орысша мектеп ретінде ашылған еді. Жаңа мектепте заман талабымен жабдықталған жиһаз, спортзал, кітапхана да болды. Үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істей бастады. Ауыл жастары кешкісін мектеп спортзалына асығатын.
 1992 жылы ауылда алғаш қазақ сыныптары ашылды, Олар 1 және 6 сыныптар еді. 1 қазақ сыныбын қабылдаған- Гульнар апай. Алғашқы 1 сыныпқа бірнеше бала қабылданды. Бұл сыныптар 9 сыныпқа дейін Еңбекшіде оқып, 10-11 сыныптарды Шамалған ауылындағы Фурманов мектебінде аяқтады. Ал қазақ сыныбын 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін оқып аяқтаған 1991жылы бірінші сыныпқа қабылданған оқушылар. Оларды бірінші сыныпта Нұрғайша қабылдап, 2002 жылы 11 сыныпты Батанова Әсия Әшкеевна аяқтатты. Қазақ мектебінің ашылуы бүкіл ауыл үшін үлкен қуаныш болды. Сол халық ұзақ күткен қазақ мектебінің ашылуына тер төгіп, еңбек еткен, алғашқы ұстаздар қауымын жинап, «халқым, қазағым»,- деп жүгірген Чегебаев Садырбай Тезекбаевич еді.
 Садырбай Тезекбаевич 1956 жылы дүниеге келген. Осы мектептегі 1-4 сыныпты қазақша оқыған, оқуын Фурманов мектебінде жалғастырып, сол мектепті аяқтаған. Алматы мал дәрігерлік институтты бітіріп, мал дәрігері болып жұмыс істеген.Ауылдағы «қазақ тілі қоғамының» төрағасы болды. Ауыл адамдары Садырбай ағамызда ризашылықпен еске алады.
 Бұл мектепте еңбек етіп, тер төккен ұстаздарды ауыл тұрғындары жақсылықпен еске алады: Пояркова Ироида Теодоровна, Олейникова Майя Денисовна, Чиндина Зинаида Емельяновна, Квашнин Федосий Павловия, Ковалев Павел Васильевич, Ковалева Эльвира Васильевна, Шадрова Людмила Алексеевна т.б
 Мектепте 1980 жылдан 2003 жылға дейін ағарту ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Переплетова Алла Михайловна директорлық етті. Алла Михайловнаның кезінде Еңбекші мектебінің ұжымын аудан жақсы еңбектері мен шығармашылық ізденістері үшін байқай бастады. Қазірге дейін мектепте шығармашылықпен еңбек етіп жүрген ұстаздар бар. Олар Кульмагамбетова Баянсулу Бахтыбаевна, Леонтьева Раиса Алексеевна, Избасарова Меруерт Уразбековна, Наметова Ғалия Тулеевна, Батанова Асия Ашкеевна,Жунуспаева Тұрсынғайша Қабдырахымовна, Нургалиева Қалдыгүл Мисекеевна, Токашева Нұрхан Суиндыковна, Пояркова Ирина Анатольевна т.б
 Мектеп ұжымы жас мамандармен жыл сайын толығып отыр, жас мамандарға қамқорлық жасалып, еңбекте қолдау көрсетіліп жатыр.
 2003 жылы мектеп осы қалыпта Далабаева Меруерт Тулегеноваға өтті. Меруерт Тулегенова – Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Шапағат» төс белгісінің иегері.
Еңбекші мектебінің директорлары:
1972- П.Борисенко
1974- А.П. Еременко
1980-2003-А.М.Переплетова
2003-2017- М.Т.Далабаева
2017-2018-Г.Манасова
2018-М.С.Бактыбаева
Қазір мектепте орыс, қазақ сыныптары жұмыс істеп тұр.Әр пәнге арналған кабинеттер орналастырылған. Кабинеттер заман талабына сай безендіріліп, жаңа заманауи техникамен қамтамасыз етілген.Мұнда оқушылар биология, химия, физика пәні бойынша зертханалық жұмыстар жасаса, информатика, математика, биология, тарих сабақтарында интерактивті тақтада жұмыс істеп, білім алуды. Мектеп аудан бойынша алдыңғы қатарлы мектептердің санатында. Оқушы саны да жылдан жылға көбеюде. Мектеп ауласында шағын үлескі жұмыс істейді. Мұнда гүлдердің әр түрінен бастап, жеміс-жидектердің түр-түрі өсіріледі. Мектеп оқушылары жаз бойы шағын үлескіде еңбек етіп сүйікті мектептерін көркейтуге үлес қосып отырады.
 Мектеп қабырғасынан шыққан азаматтар спорттың түрлерінен де өз жетістіктерімен Еңбекшіні ғана емес, Қазақстанды қуантып жүр. Сондай азаматтардың бірі- Сыдықов Тұрсынбек Жандосович пен Байтелов Қанат Абыкаевич
 Сыдықов Тұрсынбек Жандосович 1986ж 19 тамызда Жамбыл облысы, Атар ауданы, Красногор ауылында дүниеге келді. 1988жылы Тұрсынбектің отбасы Еңбекші ауылына көшіп келді. Сол мектептің 1 сыныбына барып, оны «жақсы» деген бағаға аяқтап, «Спорт шебері» атағына дейін өсті.
 Өзінің спорттық жетістіктері туралы Тұрсынбек қуана айтып берді. Тұрсынбектің ең алғаш медалі 9 жасында Шамалғанда өткізілген халықаралық турнирде алынған екен.
 2005 жылы Тұрсынбек Қытайдың Үрімші қаласында өткен «Халықаралық «А» дәрежелі турнирінде» І орын алып өз қабілетін көрсеткен.
 2006 жылы Пакістанның Карачи қаласындағы «Азия чемпионы» жарысында ІІІ орын иеленді.
 2006 жылы және 2007 жылы өткізілген Қазақстан универсиадасында І орын алып, ауылдастарын қуантты.
 2007 жылы Азербайжандағы, Баку қаласында өткізілген ХІІ «Күштілер турнирінде» І орын алды.
 2008 жылы Алматы қаласының Цирк аренасында өткізілген кәсіби бокста жеңімпаз болды.
 2010 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен кәсіби бокстан жеңімпаз болып қайтты.
 2012 жылы Ресей, Чуваш республикасындағы «ТМД чемпионы атағына» Чебаксары қаласында өткен жарыстан да жеңімпаз болып қайтты. Елімізді спорттан жер-жерге танытып жүрген Тұрсынбек сияқты жігіттер көбейе берсін. Ол - біздің мақтанышымыз!
Байтелов Қанат Абыкаевич 1980 жылы 2 наурызда Еңбекші ауылында дүниеге келген. Еңбекші орта мектебін «жақсы» деген бағамен аяқтады.Қазақ ЭУ-нің «Есеп пен аудит» және «Парасат» көпсалалы институтының «архитектор» факультеттерін аяқтаған.
 1999 жылы Қазақстанда Астана қаласында муайтайдан өткен ҚР Президенті кубогының халықаралық турнирінің күміс жүлдегері;
 2000 жылы Қазақстан чемпионатында кикбоксингтен күміс жүлдегері;
 2001 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында муайтайдан өткен халықаралық кездесудің жеңімпазы;
 2001 жылы Тайландта өткен муайтайдан Европа чемпионатының күміс жүлдегері;
 2002 жылы Муайтайдан Әлем чемпионы;
 2002 жылы Қазақстанда Павлодар қаласында өткен кикбоксингтен Қазақста
н чемпионы.

]]>

admin Mon, 07 Sep 2020 20:11:37 +0600