01
июнь
2021
1 маусым күні «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік бағдарламаны ұйымдастырылды
Фото профиля enbekshi2018
enbekshi2018
1-маусым
Халықаралық балалар күні – әлемнің түкпір түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам.
Осы мерекеге орай 2021 жылдың 1 маусым күні өткізілген «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік бағдарламаны ұйымдастыру мақсатында «Еңбекші ауылындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық тобы, 1-4, 5-7 сынып оқушылары мерекелік концертке қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әсем әуен әндер шырқалып, би биленді. Мерекелік іс-шараға ертегі кейіпкерлері келіп, балаларды құттықтап, бірге биледі.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі С.Алиханова, технология пәнінің мұғалімі С.Танирбергенова мерекелік іс-шараның ІІ бөлімінде асфальтқа сурет салу іс-шарасын өткізді. Ең үздік салынған суреттер бойынша оқушылар сыйлықтармен марапатталды.