25
октябрь
2021
Ювеналды полиция тобы инспекторы, полиция аға лейтенанты Жанажолова Шахноза Жәнібекқызымен жиналыс өтті
«Еңбекші ауылындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.10.2021 жылы Қарасай аудандық Ішкі Істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция тобы инспекторы, полиция аға лейтенанты Жанажолова Шахноза Жәнібекқызы 8 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылық тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларға әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 127 бабымен таныстырып өтті. Ұлдар арасында тәртіп, мектеп формасы, құқық бұзушылық алдын алу, түнгі уақытта көшеде жүрмеу, бопсалаушылық орын алмауы туралы айтып өтті. Полиция қызметкері заңға қайшы келетін сәттерді талқылап, қандай жауапқа тартылатынын түсіндірді. Біздің құқығымыз бен еркіндігіміз – біздің адам ретіндегі қадір-қасиетімізді мемлекет тарапынан қол сұғудан қорғап тұрған қалқан екендігін оқушылар жете түсінді. Заң жүзінде түсіндіріп, профилактикалық жұмыс жүргізді.