15
сентябрь
2021
“Мектепке жол акциясы”
“Мектепке жол акциясы” 1-ші тамыз 30-шы қыркүйек аралығында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына арналған «Балаларға бірге-көмек көрсетейік!» атты үндеумен басталды.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Мектеп ұжымы және жеке кәсіпкерлер тарапынан 25 оқушыға мектеп формасы, спорттық киімдер, оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен ақшалай көмек көрсетілді.
Алдағы уақытта да осындай қамқорлық шаралары ұйымдастырылып тұрады. Осы акцияға қатысқан жандарға мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғыс білдіреміз.