12
сентябрь
2022
«Тіл мерекесі-ел мерекесі» мерекелік онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның бойында патриоттық сезім қалыптасады. Мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, өзекті мәселе. 5 - Қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туылған күні мерекесіне орай «Тіл мерекесі-ел мерекесі» мерекелік онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Мерекелік кеште тіл туралы маңызды ақпараттар айтылып, көркемсөз шеберлері ақындардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп үш тілде оқыды.






